Асүйге арналған 5 тапқырлық

1. Ыдыс жуғыш орын негізгі міндетінен бөлек қосымша қызмет те атқара алады. Яғни үстіне көкөніс немесе шұжық турайтын тақтайды қойсаңыз, өзіңізге жайлы жұмыс орны болып шыға келеді. 

асүй
2. Жаңа ғана жуыл­ған тәрелкелерді кептіретін сөрені біз әдетте асүй жиһазының бір жәшігіне орналастырамыз. Негізі оны ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша мен шкафтың аралығына қойған жөн. Өйткені бірінші – шкафта орын босайды, екінші –­ сулы ыдыс­тан аққан тамшы шұңғылшаға тамады, үшінші – шкафтың іші үнемі ылғал болып тұратынын ұмытасыз.

ас үй

3. Ас әзірлеп жатқанда асүйдің бей-берекет ыбырсып кетуі жүйкеңізге тие ме? Ендеше, өзгеше бірдеңе ойлап табуға тура келеді. Мысалы, көкөніс турайтын тақтайдың шетінен қоқыс, қалдық тастап отыратын саңылау жасау. Ашылып-жабылатын тартпаның үстіңгі қабатына тақтайды қойып, астына қоқыс жәшігін орналастырсаңыз болады. Мұндай жағдайда қай уақытта болмасын айналаңыз мұнтаздай таза болады.

ас үй

4. Егер мерекелік дастархан жайып, сонша тәрелкенің бәрін қайда қою керегін білмесеңіз, онда сізге төрт аяғында дөңгелегі бар үстел қажет. Және де қосымша текшелері бар түріне мән беріңіз. Сондай-ақ тежегіші барын таңдауды да ұмытпаңыз. Мұндай мүлік түрі тіпті асүйіңіз кең болған күнде де пайдаға жарайды. Бұл үстел түрімен көп қонақ келетін болса, дастарханды жабдықтау да жеңіл.

ас үй

5. Көбі асүй гарнитурасының есігін жеткілікті дәрежеде бағаламайды. Есік – қазан қақпақтарына таптырмас орын. Ол үшін бар болғаны сүлгілерді іліп қоятын рейлингтерді шкаф есігінің ішкі жағына бекітсеңіз болды.