Басты бетҚоғамЖұмыспен қамту:...

Жұмыспен қамту: Қарағандыға мыңға жуық мұғалім керек

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай жастар үшін маңызды мәселелер туралы айтты.

«Ауыл жастарын жұмыспен қамту ең алдыңғы қатардағы мәселе. Олардың бос уақытын ұйымдастыру, жас отбасыларға көмек көрсету және жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу да маңызды», —  деді М.Құттыбай.

2009-2016 жылдар аралығында Қарағанды облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2215 жас маман жұмысқа орналасса, биылғы көрсеткіш небәрі 78 адам. Ерлан Қошанов мұның аз екенін айтты.

«Аудандарда кадрлар жетіспеушілігі байқалады. Бұл мәселені шешу керек. Жақында білім саласында жаңа заңға қол қойылды. Енді әкімдер жас мамандарды оқыту үшін өз гранттарын бөле алады. Грантты иеленген студенттер диплом алған соң өз ауылында жұмыс жасауға міндетті»,- дейді облыс әкімі.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 1000 мұғалім жетіспейді.

«Облыс бюджетінен бөлінетін сома, шамамен 300 білім грантын жабатын болады. Бұлар физика, химия, биология және басқа да пәндердің мұғалімі», — деді білім басқармасының жетекшісі Асхат Аймағамбетов.

ДереккөзInform.kz