Басты бетЖаңалықтарАлматылық "Қайрат"...

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 30% үлесі саудаға қойылды

Футбол клубының саудасы 2017 жылдың 18 тамызына белгіленген.

Клубтың саудаға қойылған үлесі Алматы әкімдігінің аппаратының тізімінде болған. Бұл туралы электронды сауда алаңында хабарланды.

Алматы қаласының қаржы басқармасының мәліметінше, клубтың 70 пайыз үлесі Globex Energy FZE компаниясына тиесілі. Ал 30 пайызы Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының  есебінде тұр.

Айта кетейік, сауда бағаны көтеру әдісі бойынша өткізіледі.

Дереккөзqazaqtimes.com