Бақтияр Артаев Төреғали Төреәліге «Мерседес» сыйлады

Әнші Төреғали Төрәлі "Дидар" басылымына берген сұхбатында танымал боксшы Бақтияр Артаевтың оған "Мерседес" автокөлігін сыйға тартқанын баяндап берді.

Төреғали мұндай қомақты сыйды өмірде де, өнерде де көп алмағанын алға тартты.

“Айтыста жүргенде «Тойота 25» деген машина жеңіп алғанмын. Күні кешеге дейін сонымен жүрдім. Кейде таксимен, кейде жаяу да жүре береміз. Жуырда боксшы Бақтияр Артаев ағамыз «Мерседес 221» маркалы машина тарту етті. Әзірге ең жақсы сый осы болып тұр”, – дейді ақын.

Төреғалидың сөзінше, өнерден түскен табыс тек қана өнерге ғана жұмсалады. Ән жаздырып, бейнебаян түсіруге қажетті қаражатты табу мәселесі әкесінің мойнында. Өйткені, әншінің басқа демеушісі жоқ.

Төреғали шамалы уақытта халықтың көзайымына айналғанын 90 пайыз әкесінің еңбегі деп біледі. Әкесі оны кішкентайынан жанына ертіп жүріп, өмір мен өнердің қыр-сырына баулыған.

Әртіс негізгі мамандығы актер екенін айта келе, әншілік жолға түскеніне еш өкінбейтінін жеткізді.

“Актерлікті оқып жүргенде айтысқа көп шығатынмын. Ол кезде киноға түсуге шақырту көп түсетін еді. Бірақ бұл жолға түскеніме еш өкінбеймін. Өйткені, әншілік өнердің айтыста тигізген пайдасы көп”, – дейді Төреғали.

Әңгіме арасында Төреғали ақындармен Меккеге барған сапары жайлы да баяндап өтті.

“Қайрат Сатыбалды ағамызмен бірге Меккеге барудың сәті түсті. Ол жақта қағбаны айналып, дұға жасағанда, Құдайдың соны іштей қабыл ететінін сезгендей болдым. Сондықтан болар, Меккеде өзімді жайлы сезіндім”, – дейді жас әнші.

Әртіс халыққа беймәлім қырлары жайлы да сыр тарқатты. Домбыра жинағанды ұнататын әнші қолы бос кезде домбыраны арнайы шеберлерге тапсырыс беріп жасататынын тілге тиек етті. Төреғали қағазға түрткен жазбаларын да кітап етіп шығаруды жоспарлап отыр.

“Келешекте сапасы сын көтеретін шығармашылық туындыларымды кітап қылып шығарсам ба деген ойым бар”, – дейді ақын.

Төреғали Төреәлі болашақта жолы түссе, көгілдір экраннан көрінуі мүмкін екенін де айтып қалды. Бірақ әзірге телехикаяға түсу әртістің жоспарында жоқ.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысын қабылдады

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448-454 теңгеден саудаланып жатыр.

10 АЕК. Үй жануарларын ұстау туралы ережені бұзғандар қалай жазаланады?

Экология және табиғат ресурстары министрлігі ит пен мысық иесі жаңа ережені бұзса, қалай жазаланатынын хабарлады. Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы...

Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды

Жаңадан құрылатын үкіметті Әлихан Смайылов басқарады.

Президенттің 29 наурызда сөйлейтін сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.

Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

БАҚ-та журналист Михаил Козачковтың шартты мерзімге сотталғаны туралы ақпарат пайда болды.