Басты бет Жаңалықтар Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үй санын көбейту керек — облыс әкімі

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үй санын көбейту керек — облыс әкімі

Шымкент қаласындағы үйлерді инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету көп шығынды талап етуде.

Көрнекі сурет

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қаладағы негізгі мәселе баспана және газбен қамтамасыз ету екенін айтып өтті.

«Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі — баспана. Сондықтан, қала орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын көптеп жүргізуіміз қажет. Екінші мәселе – газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қаланың 70 пайызын жеке әрі жер үйлер орналасқандықтан олардың инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету аса көп шығынды талап етіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, облыс әкімі бұдан өзге коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 мектептің құрылысымен де танысып шықты.

1 пікір

  1. Америкада, европада, японияда жер өте қымбат және жердің тапшылығы сондай олар көп қабатты үйлер салуға мәжбүр болды, амалдың жоғынан. Ал Қазақстанда жердің бәрі бос жатыр әрі сатып алға бола береді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version