Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC, IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес GGG-дің спорттық мансабы туралы өз ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz boxingnews24.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Абель Санчестің айтуынша, Геннадий Головкиннің шаршы алаңда жүруге әлі де қауқары жетеді.
«GGG қазір 35 жаста. Менің ойымша, оның спорттағы мансабы әлі 3-4 жылға созылады»,- деді жаттықтырушы.