Министрдің айтуынша, қазіргі таңда еліміздің бірнеше заң актілеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Бұл туралы zakon.kz жазды.
«Бұл азаматтық қоғамнан келген бастама. Соның ішінде қоғамдық орындарда адамның бетін жауып, оның түрін көруге, тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу туралы ұсыныстар бар. Ол — барлық әлемде бар тәжірибе. Себебі, аталған мәселе қауіпсіздік, этика, елдердің ұлттық мәдени дәстүрлерін сақтау істеріне де қатысты»,- деді Нұрлан Ермекбаев.
Ал мектепте хиджаб кию туралы мәселеге министр Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып қарайтынын айтты.
«Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты бұйрығы бар. Ол — Әділет министрлігінде тіркелген толыққанды заң актісі. Заң болғаннан кейін мектептерде де басқа мекемелердегі сияқты шариғат немесе өзге де діни сенімдер мен конфессиялардың талабы емес, зайырлылық заңы сақталады»,- деді министр.