20-шы тамызда өтетін спорттық шараға биыл 1000 адам қатысады деп жоспарлануда. Тіпті, шетелден де спортшылар келіп, қала көшелерімен жүріп өтпек.
Биылғы спорттық шара өзгеше өткізілмек. Яғни, жарысқа қатысушылар үшін 57 шақырым қосылады. Дегенмен, ұйымдастырушылар қалыпты қашықтықтарды сол күйінде қалдырған. Балалар үшін 14 және ересектер үшін 34 шақырым жол жүрілуі тиіс.
Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева жарысқа бірнеше мемлекеттен спортшылар қатысатынын айтып өтті.
«Веложарысқа қатысамын деушілерді тіркеу басталды. Үйден шықпай-ақ Almaty-maraphon.kz сайтында онлайн режимінде тіркеле аласыз. Бірнеше мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде. Тіркелу 17 тамызға дейін жалғасады», — деді ол.
Айта кетейік, жарысқа қатысамын деушілер үшін тіркелу басталып кетті. Қатысушылар жол ұзақтығына қарай 2000, 4000 және 5000 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс.