Қаладағы Сараптама орталығына қарасты лабораторияның мамандары екі аптада бір рет үлкен базарларға, сауда үйлеріне, супермаркеттерге тексеріске шығады. Олар сатып алушылардың өтініші бойынша азық-түліктерін тексеріп бермек. Тексеру барысында заттың құрамы, табиғилығы назарға алынады. Бұл туралы Қостанай облысының қоғамдық денсаулықты қорғау Департаменті хабарлады.
Айта кетейік, акция Қостанай қаласындағы «Отау Сауда» ЖШС Орталық базарынан басталады.