Жапония үкіметі толығымен отставкаға кетті

Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кету туралы өтініш жазды. Оған премьер-министр Синдзо Абэнің министрлікте жасап жатқан ауыс-түйістері себеп болған. 

©Ria.ru

Министрлердің өтінішн премьер-министр қарастырып жатыр. Жуырда үкіметтің жаңа құрамы бекітілуі керек.

Ал отставкаға өтініш берген министрлер түске дейін өз міндеттерін атқарып кетті. Алдын ала болжам бойынша, Жапонияның вице-премьері және қаржы министрі болып Таро Асо, үкіметтің бас хатшысы Ёсихидэ Суга, экономика, сауда және өндіріс министрі болып  Хиросигэ Сэко қалуы мүмкін.

Айта кетейік, аталған ауыс-түйістер либералды-демократиялық партия мен оның көшбасшысы Синдзо Абэнің халық алдындағы беделінің түсіп кетуіне байланысты орын алып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version