Басты бет19 тамыздан...

19 тамыздан бастап Астана-Жезқазған бағытында жаңа рейс ашылады

Бұл туралы Qazaq Air компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз хабарламасында билет құны бір адамға 13366 теңгеден басталатыны туралы жазылған.

«2017 жылдың 19 тамызынан бастап әрбір сенбі күні Астана тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның «мыс астанасына» жайлы  Bombardier Q400 NextGen лайнерімен саяхат жасай алады. Ұзақтығы 55 минутты құрайтын «Астана-Жезқазған бағытында ұшу құны алымдарды қоса алғанда 13366 теңгеден, ал Жезқазғаннан елордаға билеттер барлық алымдарды есептегенде 13662 теңгеден басталады», — делінген хабарламада.

 

ДереккөзKazinform.kz