Фильмнің қоюшы-режиссері қайтадан Жеңісхан Момышев, бас продюсері — Нұрлан Қоянбаев.
Лос-Анджелестегі түсірілім 20 күнге созылмақ. Басты рөлдерді Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қажет Смағұлов, Гүлназ Жоланова және Әбунасыр Серіков сомдаса, жобаның жаңа кейіпкерлері ретінде шетелдік актерлер ойнайды. Олардың есімдері әлі белгісіз.
Картина директоры Рустам Юсупов: «Түсірілім жақын күндері басталады. Қазір локациялар таңдау, сценарийді оқу сияқты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — дейді.