Аталмыш бренд дәстүрлі және заманауи стильді киімдердің жиынтығы болып есептеледі. Санжар Мәди неліктен бұл брендтің елшісі болғаны туралы айтып берді.
«Амбассадор — тұтынушыларға белгілі бір сауда белгісі туралы ақпаратты сөздері мен ісі арқылы жеткізетін адам. Біріншіден, ARGYMAQ – отандық суретшілер мен дизайнерлердің көмегімен өндірісі Италияда өңделген люкс дәрежелі киімдерден құралған қазақстандық бренд. Екіншіден, аксессуарлар желісінің бірінде тенгри мәдениетінің белгілері анық байқалады. Мен соған қызықтым»,-деді актер.
Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік «ТНТ» арнасымен және шетелдік компаниялармен бірге қызықты жобаларға түсетінін айтты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Санжар Мадиев режиссер Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер»фильмінің түсіріліміне дайындалып жүр