1 ақпаннан бастап Алматыда балабақшалар бағасы екі есе төмендейді

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық депутаттар фракциясы 2016 жылдың 22 қаңтарында қаладағы мемлекеттік бала бақшаларды шаруашылық есептен мемлекеттік тапсырысқа көшіру туралы бастама көтерген. Осылайша, биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап екі жастан бес жасқа дейінгі мемлекеттік бала бақшаға баратын 17 000 бүлдіршін үшін тек тамақтану құны ғана төленетін болады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен өткен жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаржыдан 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, мемлекеттік балабақшада жұмыс істейтін, әрі 48 мың теңге көлемінде орташа жалақы алатын 3 360 тәрбиешіге 30% қосымша ақы төленетін болады.

ДереккөзЖеті күн