Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Алик Айдарбеков мәлімдеді. Оның мәлімдеуінше, «Air Astana» мен «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниялары жыл соңына дейін бірігіп, тиісті жұмыстарын атқармақ.
«Кез келген дамыған елде жүк тасымалдайтын әуе компаниялары жұмыс істейді. Қазақстанда осыған дейін бұл сектордың өкілі болған емес. Министрліктің қолдауымен ұлттық компаниялар осындай компанияның негізін салады», — дейді Алик Айдарбеков.
Айта кетейік, жаңа әуе компаниясы өз қызметін жыл соңында бастайды.