Басты бет Жаңалықтар Боксшы Жанат Жақияновтың 21 қазан күнгі қарсыласы анықталды

Боксшы Жанат Жақияновтың 21 қазан күнгі қарсыласы анықталды

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) қарсыласы белгілі болды.

Бұл туралы боксшының промоутері Филипп Фондю ресми түрде хабарлады.

Жанат Жақияновпен шаршы алаңда 21 қазан күні IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт қарсылас болады. Олар Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде кездесу өткізеді.

Ирландиялық боксшы Райан Барнетт кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Жақиянов болса 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, соңғы рет Жанат Жақиянов 11 ақпан күні америкалық Роуши Уорренді жеңіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Алайда, кейін Жақиянов IBO белбеуінен бас тартқан болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version