Нұртас Адамбай депутаттыққа жанталасқан әртістердің не көздейтінін айтты

«Шынымды айтсам, қатты алаңдай бастадым, заң шығарушы органның өкілі болуға бәрі де жанталасып жатыр. Қолдарынан келе ме, жоқ па — ол жағы оларды қызықтырмайды. Бастысы депутат атанса болды. Олар еліміздің жағдайын жақсарту үшін емес, жай депутат болу үшін сайлауға түспек», — дейді актер.

Нұртас Адамбай мұндай дардай атаққа ұмтылған әріптестерінің ақылды кейіп танытып, қарапайым халықтың қажеттілігін сұрағандай болып, бірдеңе өзгертуге тырысатын қалпын сөз етеді.

«Туысқандары оларды төріне шығарып, балаларына үлгі етіп айтады. Олардың көздегені сол», — деп кейіді актер.

Актер депутат болмақ әртістерді пайымы төмен режиссерлерге теңеді. Әлгі режисссерлер креслоға жайғасып алып, шәйін біреу әкелсін, сценарийді екіншісі әкелсін деп бұйрық беріп, маңғаздана сөйлеп, актерлерге «ақыл» үйретеді.

«Түсірілім алаңында маған біреулер келіп, «сен режиссерсің, актерлерге өзің барма, оларды сенің алдыңа көмекші шақыру керек» деп көлгірсіді. Міне, кейде ісінен бос сөзі көп осындай режиссер-сымақтар болады», — деді актер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда басталады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Алматыда велошеруге байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтеді. Осыған байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді. 

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Қарабаев: Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар

Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.