Басты бет Жаңалықтар Уəли хан мазарын абаттандырып жатыр — Ақмола облысы

Уəли хан мазарын абаттандырып жатыр — Ақмола облысы

Ақмола облысында Уəли хан мазары кəсіпкердің демеушілік көмегімен абаттандырылуда.

2008 жылы Уəли ханның 270 жылдығына орай тұрғызылған ескерткіш — Мазар Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылының оңтүстік-шығыс жақ тұсында орналасқан. Ескерткіш қызыл кірпіштен төрт бұрышты етіп қаланған және төбесіне жарты айы бар күмбез орналастырылған. Ескерткіштің жалпы аумағы 1920 шаршы метр, ал қабырғаларының биіктігі 8 метрді құрайды.

Бұл «Туған жер» бағдарламасы арқылы облыста абаттандырылып жатқан алғашқы ескерткіш.

Ескерткіштің жаңғырту жұмыстарына Борис Козлов басқаратын «Азия-Агрохим» ЖШС демеушілік көмек ретінде 6,5 миллион теңге қаржы бөлген. Оған ескерткіштің аумағы қоршалып, бедер тастар төселуде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version