Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда самбодан...

Көкшетауда самбодан полицейлер арасында жарыс өтті

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жарыстың ашылуы салтанатына құрметті қонақтар мен спорт шеберлері, «Динамо» денешынықтыру спорт бірлестігінің, қоғам өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жанатбек Ешімов өз сөзінде самбо әскери-қолданбалы өнер екенін айта келе, бүкіл дүниежүзі бойынша кеңінен қанат жайған спорт түріне ақмолалық полицейлердің де ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Жарыс қорытындысына сай, жалпы командалық есепте Ақмола облыстық ІІД бірінші орын алса, жүлделі екінші және үшінші орындарды Степногорск және Көкшетау қалаларының ІІБ командалары өзара бөлісті.

Ал, ең үздік самбошылар 57 келі салмақта Д. Азнабай, 62 келіге дейін салмақта С. Әшімов, 68 келіге дейінгі салмақта О.Әлпейісов, 74 келіге дейінгі салмақта С.Жакулин, 82 келіге дейінгі салмақта З.Сейіткешов, 90 келіге дейінгі салмақта Е.Ахметов, 100 келіге дейінгі салмақта Н.Жамалов және 100 келіден жоғары салмақта Е.Сейсекеев тамыз айында Атырау қаласында өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар, «Ең үздік техника» аталымында жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері О.Әлпейісов үздік деп танылса, “Жеңіске деген жігері үшін» аталымы ІІД қызметкері М.Оспановқа бұйырды. Жеңімпаздар кубок, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.