Саудияда лаңкестік күдігімен Қазақстан азаматы ұсталды

Арнайы операция барысында отыздан аса адам ұсталған. Олардың нақты саны – 33. Бұларға корольдіктегі террорлық тобырларға көмектесті және солар жасаған жарылыстарға қатыстары бар деген күдік келтіріліп отыр. Ұсталғандардың арасында Сауд Арабиясы, АҚШ, Палестина, Сирия және Қазақстан елдерінің азаматтары бар.

Ұсталғандардың басым бөлігі саудиялықтар болып шыққан. Олар 14 адамнан құралады. Тағы 9 адам америкалықтар көрінеді. Келесі 7 адам Палестинадан болса, екі күдікті Сириядан, бір азамат Қазақстаннан келген екен.

Атап өтетін жайт, Сауд Арабиясында терроршылар мен террорлық ұйымдарға жәрдем көрсетушілерге тағайындалатын жаза барынша қатаң болып келеді.

Дереккөзras.kz