Басты бетҚызылордада жолақы...

Қызылордада жолақы қымбаттады

Baq.kz хабарлауынша, бұл шешім Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында қабылданған.

Қалалық әкімдік жолақы бағасының қымбаттауына нарықтық экономика жағдайы себеп болғанын алға тартады. Себебі, 2016 жылмен салыстарғанда жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің бағасы, оның ішінде «Аи-92» маркалы бензиннің бағасы 124 теңгеден 143 теңгеге, яғни +14 пайызға, дизель отыны 80 теңгеден 130 теңгеге, +38 пайызға, газ отыны 30 теңгеден 58 теңгеге, яғни +93 пайызға өскен.

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметовтің айтуынша, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің бағасының өсуінен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і толықтай шығынмен жұмыс істеуде. Сондықтан, қоғамдық көліктердің қызметін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жолақы бағасын көтеру бойынша ұсыныс енгізілді.

«Тарифті көтеру заңдылықтарға сәйкес жасалды. Әдістемелік есептемелер бойынша салыстырғанымызда биыл бір жолаушының орташа жол жүру құны 232 теңгеге шығып отыр. 232 теңгені төлеуге халықтың қалтасы көтермейді. Сондықтан біз ересектер үшін 100 теңге, оқушылар үшін 50 теңге деп белгілеуді қалалық жолаушылар тасымалы бөліміне ұсындық. Заңдылықтарды қарап, қалалық мәслихат депутаттарының құзырына берді. Олар 90 да 40 теңге қылып бекітті», – дейді ол.