«Дәрігерлердің жұмысының сапасына байланысты еңбекақы алғаны маңызды. Ал бұл сапаны пациенттер анықтайтыны белгілі. Адам консультация алу үшін ақпараттық жүйе арқылы дәрігерлер туралы пікір оқып, кімге баратынын өзі таңдай алатындай жүйе құрғымыз келеді, — деді министр.
Оның атап өтуінше, пациент біліктілігі жоғары маманға кезекке тұра ма, әлде рейтингі төмендеу, бірақ бос уақыты бар дәрігерге бара ма өзі таңдайтын болады.
«Бұл бағалаудың ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Әр пациент былайша айтқанда «лайк» қоятын болады. Бұл «жұлдызшалар» жүйеде көрініп отырады, ал қор осы жауаптардың қорытындысы бойынша қанша төлейтінін шешеді. Бұл кері байланыстың бір түрі», — деп қосты министр.
Дәрігерлер рейтингін жасанды түрде қалыптастырмайды ма деген сұраққа, Біртанов жақсы дәрігерлердің ол үшін уақыттары жоқ екенін айтты.