Басты бет Жаңалықтар ҰБТ-дан аз балл жинағандар 19-24 тамыз аралығында қайта тапсыра алады

ҰБТ-дан аз балл жинағандар 19-24 тамыз аралығында қайта тапсыра алады

Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу – 19-24 тамыз аралығында өтеді.

Екінші тесттен де өтпей қалған жағдайда талапкер ЖОО-ға бір семестрге ғана ақылы негізде оқи алады.

Биыл Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жаңа формат бойынша өткізілді. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сынақ екі форматта: мектептердегі бітіру емтихандары секілді қорытынды аттестаттау және ЖОО-на қабылдау емтиханы арқылы өткенін айтты. Өзгеше сынақ форматы Жапонияның, Израильдің және АҚШ-тың халықаларық тәжірибесін талдау нәтижесінде әзірленген.

Айта кетейік, биылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезінде логикалық ойлау деңгейін, функционалдық сауаттылықты анықтауға бағдарланған сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, алғаш рет тестілеудің онлайн жүйесі іске қосылды.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version