«Қытай халқы бейбітшілікті сүйеді және ешкімге күш көрсетпейді. Біз өзге біреулердің жері арқылы шекарамызды кеңейтпейміз. Алайда, жеріміздің бір тілімін болса да, ешкімге, еш ұйымға немесе ешбір саяси партияға бермейміз. Мейлі, бұрын біздің аймақта олардың жері болса да»,- деді Қытай басшысы.
Си Цзиньпиннің айтуынша, Бейжің ешқашан ешкімнің «елдің қауіпсіздігіне, мүддесіне, егемендігіне» қол сұғуына жол бермейді.
«Бізді егемендігімізге, қауіпсіздігімізге, мүддемізге қайшы келетін қадам жасайды екен деп ешкім күтпей-ақ қойсын»,- деді ол.