Отандық «Бойжеткен мен теңіз» фильмінің түсірілімі аяқталды

Аталмыш фильмде Әсел есімді бойжеткен туралы баяндалады. Оның басты арманы – отбасын құру. Сөйтіп, басты кейіпкер армандарды орындайтын теңізге өз сырын айтады.

Картинадағы Әселдің рөлін МБАҚ реабилитациялық орталығының қамқорлығындағы қыз Динара Шарипова сомдады.

«Біз 3 жыл бойы осы картинаны түсіруге талпынып келеміз. Ақыры, Мәдениет министрілігімен сөйлесуді жөн көрдік. Олар жобамызды толығымен қолдады. Фильмде мүгедек жандардың, әсіресе жас қыздың шынайы өмірі көрсетіледі. Таспаның негізгі идеясы – өмірдегі ең басты нәрсе махаббат екендігін көрсету»,-дейді Әзизжан Заиров.

Бойжеткен мен теңіз
©Brod.kz
Бойжеткен мен теңіз
©Brod.kz

Фильмде өзге рөлдерді Тахир Омаров, Гүлбахрам Байбосынова және Қанағат Тасқараев сомдайды.

Режиссердің айтуынша, Динара өте мықты әрі көңілді қыз. Өзінің мүмкіндігі шектеулі жан екендігіне қарамастан, Динара мектеп пен университетті жақсы бағамен бітірген. Бүгінде ол банк қызметкері болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, «Бойжеткен мен теңіз» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және «Қазақфильм»киностудиясының қолдауымен түсірілді.

ДереккөзBrod.kz