Басты бетҚоғамБілім және...

Білім және ғылым министрі биылғы ҰБТ-ны қорытындылады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында биылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеудің нәтижелерін қорытындылады.

«Медициналық және психологиялық көмек орталықтары ұйымдастырып, қауіпсіздікке қатты мән бердік. Тестілеуге барлығы 88,5 мың адам қатысты. Бұл қатысуға өтініш берушілердің 95,5 процентін құрайды. Аудандардағы тестілеуді ұйымдастырып, өткізу барысын қадағалау үшін министрліктен 1,5 мың адам барды. Апелляциялық комиссияда 3 мың адам отырды. Оларға 199 тест тапсырмасы бойынша шағым келіп, 103-і қанағаттандырылды. Тестілеу кезінде барлығы 25 мыңға жуық тест тапсырмасы қолданылды»,-деді министр.

Ерлан Сағадиевтің сөзіне сүйенсек, биылғы орташа балл 140 баллдың 80,5 процентін құраған. Былтыр бұл көрсеткіш 125 баллдан 81 процент болған еді. Ал, 74,5 мың адам шектік 50 баллдан асса, 14 мың адам 50 балл да жинай алмаған.

«Тестілеу кезінде ереже бұзып, тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 12 адам залдан шығарылды. Жалпы алғанда биылғы ҰБТ тыныш өтті. Халық тестілеудің жаңа форматын жылы қабылдады»,-деді министр.