Басты бет Жаңалықтар Тамызда 2500 адам қажылыққа аттанады

Тамызда 2500 адам қажылыққа аттанады

22-25 тамыз аралығында 2500 адам Меккеге барып, қасиетті Қағбаны зиярат қылуға аттанады.

Қажылық сапары Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей рейспен орындалады. Сапар қыркүйек айының 6-10 аралығында аяқталады. Республика бойынша 2500 адам қажылыққа баруды жоспарлап отыр. Оларды Меккеге апаруды 16 туристік агенттік іске асырмақ.

Еске сала кетейік, 2016 жылы елімізден 3 мың адам қажылыққа барды. Ал Сауд Арабиясы үкіметі биыл қажылыққа келетіндердің санын өткен жылғыдан гөрі 800 мыңға арттырып, олардың санын 2,6 млн адамға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ өткен жылы Қазақстаннан қажылыққа баратындарды әуе тасымалдауы бағытында мәселе туындаған. Биыл «Scat» әуе компаниясы Сауд Арабия жағымен ортақ келісімге келіп, тиісті рұқсат алып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version