Шара барысында Діни істер басқармасы «Зерттеу және талдау орталығының» өкілі Құдайберді Бағашаров елдегі экстремизм қаупі туралы дәріс өткізді.
Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дін мен діни ұйымдарға, сонымен қатар діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысты мемлекеттің жүргізіліп жатқан саясатына екпін салды: «Біздің елде бүкіл діни одақтардың жұмыс істеуіне жағдай жасалған, діни бостандығына кепіл берілген. Бізге осы сала тыныштығын сақтап қалу керек».