Баян Есентаева Жанарды енді қорғап шықты

«Бір жыл бұрын дәл осы уақытта ол бәріміз үшін үздік болды, себебі өз елінің атын халықаралық аренада шығарды! Ал бүгін сіздер оны елінің тағдырына белсенді араласқысы келгені үшін табалап жатырсыздар. Мойындаймын, үлкен мәселелерді шешетіндей ол әлі жас емес пе деп, мен біріншілердің бірі болып күмәндандым. Бірақ оның қаншалықты дарынды екенін білемін, және оның қолынан келетіндігіне сенімдімін! Талпыныс үшін емес, қателік үшін сынау керек. Жанар, сенің қолыңнан келеді! Сәттілік!!!» —  деп жазды Баян Есентаева.

29 қаңтарда Астанада «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезді өтті. Сол жерде  ҚР Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясының атынан үміткерлердің тізімі жарияланған болатын. Солардың қатарына кірген қазақстандық эстрада жұлдыздары мен спортшылары елді дүрліктіріп қойды. Қазақстандықтардың басым бөлігі парламентте жұлдыздардың болуына қарсы шықты. Алайда, тізімде жұлдыздардың болуын жай ғана жарнама дегендер де болды.

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихатқа сайлау 20 наурызда өтеді.

Дереккөзbaistars.kz