Басты бетЖаңалықтарЕуроХим және...

ЕуроХим және Жамбыл облысы әкімдігі Жаңатас қаласының кешенді даму жоспарын таныстырды

Кешенді даму жоспарында қала құрылысы, жобалау және экономикалық шешімдер кешені қамтылған. Құжат моноқалаларды қайта өзгерту және жайлы қала ортасын құру кезінде жинақталған табысты әлемдік тәжірибені ескере отырып дайыдалған.

Жоспар жаяу жүргіншілерге арналған жайлы жолбағдарды салуды, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруді, әлеуметтік-мәдени және ойын-сауықтық инфрақұрылым нысандарын орналастыруды көздейді. Қала ішінде мәдени ойын-сауықтық және жастар орталықтары көтеріліп, аулалар балаларға арналған алаңдармен жабдықталатын болады, сондай-ақ, базар қайта жаңғыртылып, тағы да басқа шаралар жүзеге асырылмақ.

«Бүгін таныстырылған жоспар қаланың дамуына жаңа қозғау салып, даму көкжиегін кеңейтпек. Жаңатастың болашағы зор екеніне біз сенімдіміз. Жергілікті билікпен, бизнесмендермен және қаланың тағдырына бей-жай қарамайтын тұрғындармен ынтымақтаса отырып, моноқаланы жаңғырту жоспарын жүзеге асырып, оны Қазақстан халқы және инвесторлар үшін мейлінше тартымды ете аламыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті «Еурохим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев.

Алдағы уақытта Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Жаңатасты дамытудың Жол картасын дайындау жоспарланып отыр.