Бірнеше қабатты қамтитын музей еліміздің жүріп өткен жолындағы әскер тарихымен және қазіргі таңдағы қарулы күштердің әлеуетін танытатын құрал-жабдықтарды, суық қару түрлерін көрсете алады.
Бүгінгі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай дайындаған материалдарымыздың бірі — соғыс құралдары мен қару-жарақтарына арналған музейдің «XX-XXI ғасырдың қару-жарағы» залына арналады.
Музейдің үшінші қабатында XX-XXI ғасырдың суық қару-жарақтары ұсынылған. Толықтай соғыс құралдары мен қару-жарақтарына арналған музейдің айтары көп. Оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар мен миналардың, тапаншалардың түр-түрі мен әлемге әйгілі Калашников автоматының даму эволюциясы, мергендер мылтығынан бастап ауыр артиллерия жабдықтары, барлау мен диверсиялық құралдар, су асты атылатын қарулар мен әуе қорғаныс және шабуылдау құралдарының жаңа заманғы үлгілері топтастырылған.
Экскурсия барысында мұражай қонақтары тапанша, автомат, граната атқыш, оқшашар және оқ-дәріден бастап әртүрлі қару-жарақ түрлерімен, сондай-ақ XX-XXI ғасырдың авиациялық жою құралдарымен танысып-біле алады.
Витриналарда азаматтық соғыс жылдары, Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысы бар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қолданып жүрген тапаншалар, спорттық қару, оқ-дәрілер, авиациялық жою құралдары, жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар қойылған.
«XX-XXI ғасырдың қару-жарағы» залынан Бірінші дүниежүзілік соғыс, Ұлы Отан соғысы және Ауғанстан соғысындағы қолданылған суық қару-жарақтардың түпнұсқалары қойылған.
Негізі бұл еркін экскурсияға арналған зал.
Пистолеттер
Калашников автоматтары
ДП-27 Дегтярев жаяу әскерлік оқшашары, 1928 жыл
Калибрі: 7,2 мм
Салмағы: 9,1 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 47 патрон
Көздеу қашықтығы: 800 м
МГ- 42 оқшашары, 1942 жыл
Калибрі: 7,2 мм
Салмағы: 11,5 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 250 патрон
Көздеу қашықтығы: 2000 м
ПТРС танкіге қарсы мылтығы, 1941 жыл
Калибрі: 14,5 мм
Салмағы: 17,3 кг
Көздеу қашықтығы: 1000 м
Калашников автоматына сүңгі-пышақ
жалпы ұзындығы: 280 мм
жүзінің ұзындығы: 150 мм
Жүзінің ені: 30 мм
айқастырма шеңберінің ішкі диаметрі: 17,7 мм
АКМ автоматы, 1959 жыл
Калибрі: 7,62 мм
Салмағы: 3,6 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 30 патрон
Көздеу қашықтығы: 1000 м
Оқшашарлар
Максим оқшашары, 1910 жыл
Калибрі: 7,62 мм
Салмағы: 64,3 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 250 патрон
Көздеу қашықтығы: 1000 м
СГ-43 Горюнов оқшашары, 1943 жыл
Калибрі: 7,62 мм
Салмағы: 38,9 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 250 патрон
Көздеу қашықтығы: 2000 м
ПКМС оқшашары, 1961 жыл
Калибрі: 7,62 мм
Салмағы: 12 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 250 патрон
Көздеу қашықтығы: 1500 м
РПГ-7B танкіге қарсы қол граната атқышы, 1961 жыл
Калибрі: 40 мм
Салмағы: 4,5 кг
Көздеу қашықтығы: 500 м
АГС-17 автоматты граната атқышы, 1970 жыл
Калибрі: 30 мм
Салмағы: 30 кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 29 патрон
Көздеу қашықтығы: 1700 м
Мерген винтовкалары және мылтықтары
Драгунов мергендік винтовкасы, 1963 жыл
Калибрі: 7,62 мм
Салмағы: 4,3. кг
Оқжатардың сыйымдылығы: 10 патрон
Көздеу қашықтығы: 1300 м
457 М-КД КОМЗ көру дүрбісі
Еселігі: 30x 60x
Фокустау шегі: 25 м-ден
Дүрбі массасы: 1200 грамм
Дүрбініңүштағанмен массасы: 3000 грамм
габариты: 570×415 — 1000 мм
Заманауи оптикалық құрылғылар
Ату оқ-дәрілері
Инженерлік оқ-дәрілер
Материалдың авторы: Айнұр МАРАТ
Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.