Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Қырғызстанның жас спортшылары ММА ашық кубогі бойынша бақ сынасты

Жекпе-жектер 8 салмақта өтті. Әйелдер дивизионында тек 2 қатысушы болды. Татьяна Петренко қарсыласы Максимова Регинаның қолына ауырту тәсілін жасап, бірінші орынға ие болды.

Ерлер арасында 56,7 кг дейінгі салмақта алтын жүлдеге Жұбаныш Бағдат қол жеткізді. Екінші орынға Мұхаметқанов Олжас ие болды. Қола жүлдегері Сейдасымов Нұрсұлтан болды.

61,2 кг дейін салмақтық дәрежеде Кубок чемпионы Қырғызстан елінен келген Сабыржан улу Самарбек аталды. Ал күміс жүлде Мамедов Рамазанға бұйырды жеңді. Жүлделі үшінші орынды Тілеубергенов Қанат еншіледі.

65,8 кг дейінгі салмақта Нұрбек Қабдрахманов жеңімпаз атанды. Ақтық санда төрешілер шешімі бойынша оған Захир Алиев ұтылды. Қола жүлдені Тимур Ауғамбаев алды.

70,3 кг салмақта ең мықты болып Бағлан Телібаев танылды. Күміс жүлде иегері Шыңғыс Мұхамбетов, ал қола жүлдегері Денис Василенко атанды.

77,1 кг дейін орта салмақта Махир Алиев чемпион атанды, Борисенко Виктор күміс жүлдеге, ал Әкішов Бекзат қола жүлдеге ие болды.

84 кг салмақта бірінші Әшімхан Мәулен болды. Малик Темірсұлтанов екінші орынды, ал Александр Вал  үшінші орынды иеленді.

93 кг Әбіров Серік алтын жүлдегер,  Олег Терещенко күміс жүлдегер, Сәрсекеев Бахтияр қолы жүлдегер болды.

Спортшыларға жүлделік медальдардан басқа ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.