Қарағандылық кәсіпкер банктен алған 547 миллион теңге несиесін қайтармай қойды

2009-2013 жылдары банктен 10 миллион теңгеге жуық несие алған кәсіпкер банк басшылығының сеніміне кіріп, VIP-клиенттердің біріне айналған.

Облысқа кабель жүйелерін тартумен айналысамын және аймақ деңгейінде монополистпін деген ол, жалған құжаттар жасаған. Кейіннен 547 миллион теңге несие алған. ал, оның қарызын қайтару үшін банк қызметкерлері жарты жыл артынан жүгірген.

Облыстық ІІД тергеушілері жедел топ құрып, 30-ға жуық куәгерден жауап алды. Экономикалық және бухгалтерлік сараптамалар жүргізіліп, күдіктінің бар кінәсі дәлелденді. Енді ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, 400 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Қазір кәсіпкердің бар мүлкі бұғатталып, қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотына жолданды.

Дереккөзsn.kz