Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Баегізованың сөзінше, аудандағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңғырту, әлеуметтік сала нысандары мен көліктік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 2017 жылдарға 1374,6 миллион теңге қаржы бөлінген.
Державинск қаласында кәріс жүйесі жөнделіп жатыр-Ақмола облысы
Жарқайың ауданының Державинск қаласында қолға алынған жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайды. Жоба бойынша қаладағы кәріз жүйесін тазалау нысандарымен бірге жаңғырту көзделген. Қазіргі кезде, тазалау нысандарының ірге тасы қалануда.