Назарбаев «оффшорлардан» бас тартуға шақырды

Ол сол адамдарға ақшаларын оффшордағы есеп шоттарынан шығарып, жекешелендіру науқанында қойылған нысандарды сатып алуға шақырды.

«Барлық оффшорлар — бәрі де түк емес. Бүгін оффшор жоқ. Сол үшін де рақымшылық жарияладық — ақшаңды осында әкел, сені кешіреміз. Бірінші жекешелендіру, бірінші қаржыны жинау ешқашан таза, ашық болған емес. Бәрі де болды. Барлық әлемде де солай болды. Сол үшін де біз кешіреміз, ақшаны әкеліңдер. Елде 800-ден астам нысан жекешелендіруге қойылды. Қатысыңдар, нысанды сатып алыңдар»,— деп «Интерфакс-Казахстан» Назарбаевтың сөздерін келтіреді.

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде 20 наурызды мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға президенттік партия атынан қатысатын үміткерлердің де тізімдері бекітілді.

Әлемдегі миллиардерлерді анықтайтын америкалық Forbes журналында Назарбаевтың туыстары мен оның жақын серіктерінің аты-жөндері енген.