Мария Мудряк «Опералия Пласидо Доминго» конкурсының финалына шықты

Финалға шыққан 14 қатысушының есімдері белгілі болды. Олар: «Астана Опера» солисі, көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, таңғажайып сопрано дауысты отандасымыз Мария Мудряк, Руперт Энтикнап (контртенор, Великобритания), Давиде Джусти (тенор, Италия), Су Ён Ли; Су Ён Пак (сопрано), Леон Ким (баритон, Республика Корея), Влада Боровко, Кристина Мхитарян, Оксана Секерина (сопрано, Россия), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Эммет О’Хэнлон (баритон, США), Руслана Коваль (сопрано, Украина), Борис Пригл (бас-баритон, Чехия), Леви Секхапан (тенор, Южная Африка).

Пепита Эмбил де Доминго мен Пласидо Доминго марапаттарына Дамиана Мицци (сопрано), Марко Чапони (тенор, Италия), Леон Ким (баритон, Республика Корея), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Леви Секхапан (тенор, Южная Африка) да таласатын болады. Марапаттың сыйақы мөлшері 180 мың долларды құрайды.

29 шілде күні әншілер «Астана Опера» сахнасында бақтарын сынамақ.

Джонатан Френд

«Финалға өтетін қатысушыларды таңдау өте қиын болды. Ұзақ талқыладық, баллдарды санадық, ойларымызды ортаға салдық. Себебі, қатысушылардың бәрі өте жоғары дайындықпен келген. Енді сенбі күні болатын финалды асыға күтіп отырмыз. Жеңімпазды таңдау бұдан да қиын болатынын сезіп тұрмын. Оны таңдау кезінде жасын, арияның ұзақтығын да ескереміз. Конкурстың басты ерекшеліктерінің бірі — сопрано дауысты қатысушылардың көптігі және олардың кәсіби шеберлігінің жоғарылығы. «Опералия» конкурсында әділ қазы болып жүргеніме он жыл болды. Бұл өте ауқымды, әрі танымал жарыс. Бұны жеңген әнші әлемнің көптеген опера театрларында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Ал, өзім театрымның афишасында бірнеше әншінің есімін көргім келеді»,- деді Метрополитен-операның көркемдік әкімшісі Джонатан Френд.

Конкурстың финалын отандық «Хабар» мен халықаралық Medici.tv телеарналары тікелей эфирде көрсететін болады. Басталу уақыты — 16.00.

Конкурс 29 шілде күні лауреаттардың гала-концертімен аяқталады. Онда маэстро Пласидо Домингоның өзі дирижер болады.

Айта кетейік, «Опералияның» жеңімпаздарының ішінде Симоне Пьяццола, Хосе Кура, Роландо Виллазон, Анна Нетребко, Эрвин Шротт, Дмитрий Корчак, Василий Ладюк, Инва Мула бар.