Париждегі террорлық актілер кезінде 8 лаңкестің көзі жойылды

Париждегі террорлық актілердің сегіз қатысушысының көзі жойылды, — деп хабарлайды AFP тергеу дереккөзіне сілтеме жасап. Оның мәліметінше, шабуыл жасағандардың жетеуі өзін-өзі жойып жіберген.

Бұған дейін төрт лаңкестің «Батаклан» театрында, үшеуінің «Стад де Франс» стадионында жойылғаны хабарланған болатын. Le Monde басылымының мәліметінше, олардың алтауы «өлімші белбеуі» арқылы өздерін өлтірген.

Еске сала кетейік, 13 қараша күні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан «Стад де Франс» стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін «Батаклан» театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.

Парижде терактілердің салдарынан кем дегенде 153 адам қаза тапқаныбелгілі болды.

Дереккөзtengrinews.kz