«ЭКСПО шақырады» деп аталатын байқау ең алғаш рет ұйымдастырылды. 24 мамыр күні жедел ұтыс ойындары жарияланды. Ұтыс ойынына инстаграм әлеуметтік желісінің қолданушылары арасында өтті. Байқауға қатысу үшін @gaao2017 және @rsk.almatyobl инстаграмм парақшаларының оқырманы болып, конкурстық постпен өз парақшасына бөлісуі қажет болды. Байқауға 33 адам қатысып, барлығына «ЭКСПО-2017» логотиптері бар кәдесый өнімдері табысталды.
Келесі «EXPO-2017 – балалар көзқарасымен» акциясы 1-маусым Балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аталмыш акция мереке қарсаңында Жастар саябағында өткізіліп, балаларға «EXPO-2017» көрмесі туралы ақпарат таратылып, мерекелік сыйлықтар мен ойыншықтар, брошюралар мен плакаттар табыс етілді», — деді Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының Консалтинг орталығының жетекшісі Сапаров Елдар.
Прогресс пен өңдірістің көрінісі бола білген «EXPO-2017» көрмесікелешекте еліміздің табысты әрі дамыған елдердің алдыңғы қатарында болатына сенімдіміз.