Басты бетАлматы облысында...

Алматы облысында болған ұшақ апатынан 2 адам қаза тапты

Жаркент қаласының маңында ЯК12 ұшағы апатқа ұшыраған..

«2017 жылдың 27 шілдесінде «Қазавиа» әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылында орын алды. Екі адам қаза тапты», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Азаматтық авиация комитеті оқиғаға қатыссты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі аталған оқиғаны растады. Оның айтуынша, ұшақ жүгері алқабын өндеу жұмыстарын істеп жатқан. Бортта пилоттан бөлек тағы да екі адам болған, олардың екеуі де қаза тапты.

Дереккөз7kun.kz