Ресей АҚШ-тың санкция салуына қалай жауап берді?

Ресей және Еуропа Америка Құрама штаттарының санкциялар туралы заң жобасын сынады.

©politforums.net

Ресейліктер америкалық заң шығарушылардың Мәскеуге қарсы қабылдаған жаңа санкциялары туралы ойларын айтты.

Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл шешімі саясаттағы жағдайды жеңілдетпейді дейді.

Еуропалық одақ та АҚШ-тың шешіміне қарсы. ЕО бұл  заң ұйым елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін әлсіретуі мүмкін деп сескенеді.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: «Өкілдер палатасы қабылдаған жаңа заң жобасы — Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың дұрысталуына кедергі болады». Біз мұндай әрекеттер жауапсыз қалмайтынын он мәрте қайталадық, — деп ескертті.

АҚШ-та қабылданған заң жобасы Иран мен Солтүстік Кореяға да жаңа санкциялар енгізуді қарастырады. Құжатты Өкілдер палатасы 25 шілдеде қабылдады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «АҚШ-тың аталған заң жобасын қабылдауы — «Ресей-АҚШ қарым-қатынасын дамыту тұрғысынан алғанда, өте өкінішті хабар»,- деп хабарлады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version