Бірнеше жыл бұрын пайда болған кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Қазіргі таңда «Наурыз Пластик» зауыты ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады.
«Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласы мен барлық аудандарда сатылуда. Бағасы қытайлық ойыншықтардан екі есе арзан. Пластмассасы — сапалы. Сондықтан, ойыншықтар бала денсаулығы үшін қауіпті емес деп сендіреді өндірушілер.
Жаңа ғимаратқа көшкен кәсіпкерлер алдағы уақытта шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.