Басты бет Жаңалықтар Түркиялық делегация қола дәуір ескерткішінде болды-Ақмола облысы

Түркиялық делегация қола дәуір ескерткішінде болды-Ақмола облысы

Ақмола облысында қола дәуіріне жататын ескерткішке Түркиядан келген делегация үлкен қызығушылық танытты.

Археолог Мұстафа Қалқан бастаған түркиялық делегация Ерейментау ауданындағы «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенiнде болды. Атап өту керек, «Құмай» ескерткiшi «Туған жер» бағдарламасы аясында облыстық «киелi нысандар» картасына енгiзiлген жәдiгердiң бiрi. Бұл ескерткiштiзерттеушiлер ежелгi және ортағасырлық уақытқа жатқызады.

Астананың шығысынан 100 шақырым жерде орналасқан бұл ескерткiш Түркиядан келген меймандар көңiлiнен шықты. Әсiресе олар қасиеттi мекен саналатын «Құмай» кешенiнде «балбалтастың» шығу тарихына аса қызығушылық танытып, оны зерттеу — зерделеу жұмысына қатысуға ниет бiлдiрдi.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version