Басты бет Жаңалықтар «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып Карлос Алос Феррер тағайындалды

«Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып Карлос Алос Феррер тағайындалды

"Қайрат" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне Карлос Алос Феррер тағайындалды.

Сурет Қайрат Боранбаевтың парақшасынан

Бұл жаңалықты «Қайрат» футбол клубының қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Карлосты Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен істеген жұмысы мен еліміздің футбол Федерациясындағы жаттықтырушылар кеңесі арқылы танисыздар. Ол бұрын Польшаның «Погонь» құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ, «Барселонаның» Польшадағы спорт мектебінде, Гонконгтың футбол академиясында қызмет еткен», -деп жазды төраға.

Жаңа жаттықтырушымен клуб келісім-шартқа осы жылдың соңына дейін отырған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version