«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілін оқуды бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарда бiлiм алуға кiрiседi. Курстың әртүрлісі, 3, 6 және 9 айлығы бар. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтсе, онда оқытушының жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша ақы төленеді. Жол шығыны да өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса, жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылады», — деді Ерлан Сағадиев.
Cондай-ақ министр баспасөз конференциясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 500 сыныптың ағылшын тілінде білім алуға көшетінін айтты.