Басты бет Қоғам Биылғы оқу жылынан бастап 500 сынып толығымен ағылшын тілінде оқитын болады

Биылғы оқу жылынан бастап 500 сынып толығымен ағылшын тілінде оқитын болады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баспасөз конференциясында 1 қыркүйектен бастап 500 сыныптың ағылшын тілінде білім алуға көшетінін айтты. 

көрнекі сурет

«1 қыркүйектен бастап 500-дей сыныптың оқушылары ағылшын тілінде білім алуға көшеді. Бұған барлық баланың ата-анасы жазбаша түрде рұқсат берді. Біз үшін бұл тәжірибе өте маңызды. Себебі, осыдан кейін ағылшын тіліне көшудің нақты қадамдарын бекітетін боламыз»,- деді Білім және ғылым министрі.

Министр мұғалімдердің де ағылшын тіліне көшуге жаппай дайындалып жатқынынан хабардар етті. Төрт мыңға жуық ұстаздар дайындықты бастап кеткен. Ал сегіз мыңдай оқытушы күзден бастап ағылшын тілдерін жетілдіре түспек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version