Басты бетАлматыда Ұлттық...

Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздарының спартакиадасы басталды

Шара Алматы облысы, Қаракемер елді мекенінде өтуде. Жарысқа барлық аймақтан ең мықты курсанттар мен офицерлер қатысып жатыр. Аталмыш шара үш күнге созылады. Курсанттар мен офицерлер суға жүзу, мылтық ату, граната лақтыру, кедергілер арқылы жүгіру,т.б. сайыстардан бақ сынайды.

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Арман Әубәкіров мұндай шаралар алдағы уақытта әр аймақта жалғасын табатынын айтты.

«Осының барлығы азаматтарымыздың бойындағы спорттық шеберлігін, дайындығын шыңдайды. Бір-біріне үлгі болады. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Алдағы уақыттарда осындай шаралармыз Қазақстанның түкпір-түкпірінде, барлық қалаларымыздағы әскери бөлімдерде өте береді», — деді ол.

Дереккөз24.kz