Басты бет Жаңалықтар Шымкентте алдағы 40-50 жылдан соң мүлде қыс болмайды

Шымкентте алдағы 40-50 жылдан соң мүлде қыс болмайды

Ауа райына қатысты қызықты болжамдарымен танылып жүрген Нұрқабыл Қозыбай алдағы 40-50 жылдан соң Шымкентте мүлде қыс болмайтынын айтты. Бұл туралы ол ТВК арнасына берген сұхбатында мәлім еткен.

«Қазіргі күннің өзінде Шымкентте қаңтар айындағы ең жоғарғы температура әрі кетсе 15-20 градусқа барады. Ал жердегі зауыттардың көптігінен, көліктен шығатын зиянды қалдықтардың көбеюі салдарынан әлемдік температура жылынып келеді. Әр жыл сайын күн райы жарты градусқа жылынады деп есептесек, алдағы 40-50 жылда Шымкентте мүлде қыс болмайды деп сеніммен айтуға болады», — дейді ауа райын зерттеуші.

Нұрқабыл Қозыбайдың айтуынша, 40-50 жылдан қаңтар айында Шымкент жасыл-желекке оранып, жаздың жаймашуақ күні орнауы әбден мүмкін.

«Мен ауа райына қатысты қызықты деректерді қариялардан жинайтынмын. Сол кезде шалдардың осыдан 70-80 жыл бұрын Шымкентте мүлде қыс болмағанын айтқаны бар. Олар қыстың күні сиырдың тезегін жинап, көмір орнына тезек жағыпты. Яғни, мұндай жағдай араға жылдар салып болып тұрады», — деді ол.

Еске сала кетейік, Шымкентте қыс ортасында ағаштар гүлдеп, жер көгере бастағаны туралы хабарланған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version