Басты бет Жаңалықтар 200 талапкер Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасымен қабылданады

200 талапкер Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасымен қабылданады

Павлодар облысындағы алты колледж «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 200 талапкерді қабылдайды.

Көрнекі сурет

«Биыл серпіндіктер облысымыздағы алты колледжге қабылданады. Атап айтар болсақ, Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар химия-механикалық колледжі, Павлолдар бизнес колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Красноармейка аграрлық колледжі және Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі. Осы оқу орындарға түскен жастар технология, инспектор, техник-механика, техника-энергетика, ветеринарлық техника және ауыл шаруашылығына қажетті тракторшы, машинист мамандықтары бойынша білім алады, — дейді беру басқармасы техникалық-кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Салам Обазова.

Маманның айтуынша, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарынан келуге ниеттенген түлектердің құжаттары қабылданып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version