11:00. Сингапурдың Ұлттық күні
Бұнда ұлттық бишілердің өнерін тамашалап, әртүрлі мәдениетпен және осы «Қала-бақты» құрайтын халықпен танысуға болады. Сонымен қатар келушілерге Сингапур Павильонының сөмкелері таратылады.
Өтетін орны: Ұлттық күн сахнасы, Астана ЭКСПО
15:00. Коста-Риканың Ұлттық күні
Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Коста-Риканың Ұлттық күні өтеді. Шараға қатысатын ресми делегацияның жетекшісі — Коста-Риканың Сыртқы Істер Министрлігі жанындағы Сыртқы Саясат бойынша Бас Директоры Кристиан Гильерме Фернандес.
Салтанатты шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар екі саксофоншының орындауындағы музыканы тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Коста-Рика өзінің Ұлттық күніне орай арнайы, ең ұзын нотаны ұстаудың ұзақтығы 1 сағат 32 минут құраған Әлемдік Гинесс рекордының жеңімпазы, ең үздік саксофоншыны шақырған. Қойылым Латынамерикалық павильонға дейінгі әдемі шеру мен гелиймен толтырылған 400 жасыл шардың аспанға ұшырылумен тамамдалады.
Осы мезетте Латын Америка павильонында барлық келушілерге осы елдің мақтанышы – нағыз коста-рикалық кофенің дәмін тату мүмкіндігі ұсынылады. Барлық іс-шаралар «Essential COSTA RICA» логотипінің аясында өткізіліп, елдің өкілдері өздерінің өмірге деген құштарлығын паш етуге ниетті.
Шара Мәңгілік Ел көшесі 55 мекен-жайында өтеді.
18:00 және 21:00. «Дыбыс энергиясы»
«Әлемнің ең өршіл проекциясына қош келдіңіз!» — бұл EXPO-2017-ге арналған, қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев және британдық композитор Карл Дженкинстің жаңа туындамасын осылай атауға болады.
Ірі ауқымды музыкалық шоу — «Дыбыс энергиясы» — халықаралық көрменің айтулы бір іс-шарасы және қазіргі заманның ең тамаша симбиозы болмақ. Қазақстандық виртуоз скрипкашысының, аты аңызға айналған британдық композитордың, Ресей және Ұлыбританияның дарынды режиссерлерінің, жаңа технологиялар мен заманауи 3D-жабдықтарды қолдана жасаған, нақты дыбысты және көрнекі феерия.
«Дыбыс энергиясы» шоу – бұл тек қана біржарым сағаттық Әлемнің тарихына саяхат емес, сонымен қатар дыбыс пен 3D-визуализация арқылы, ғарыштың кеңістік ұлылығы мен сұлулығы көру, үлкен жарылыс сәттен бастап, өмір шыққан негізгі кезеңдерін естуге және көруге мүмкіндік.
Шара 23 бен 29 шілде аралығында Конгресс-центрде өтеді. Билет құны 3 000 теңге.
21:30. ШҚО мәдениет ұжымдарының концерті
ШҚО мәдениет ұжымдарының концертінде Қазақстан Республикасының халық әртісі — Роза Рымбаева, эстрада жұлдызы — Али Окапов және Шығыс Қазақстанның өнер тарландары қатысады. Сондай-ақ, ASPARA сән үйінің көктемдік топтама көрсетілімі болады.
Өтетін орны: Амфитеатр сахнасы