Басты бет Жаңалықтар «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жарияланды

«Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жарияланды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына актерларға кастинг жариялады.

©kazakhfilmstudios.kz

Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін болады. Кастингке келушілерге қойылар талаптар:

•    3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар
•    18 бен 80 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар
•    Ұлты: барлық ұлт өкілдері қатыса алады
•    Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз.

Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы, 176, «Қазақфильм» киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинет.

Айта кетейік, сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірмек. Кинокартинаның режиссері – Рүстем Әбдірашов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version